Жамбыл облысында қар құрсауында қалған 12 көлік шығарылды

ТЖМ мәліметінше, зардап шеккендер жоқ.

 Скриншот Кеше 2026, 22:26
Кеше 2026, 22:26
651
Фото: Скриншот

Жамбыл облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты қар құрсауында қалған көліктерге құтқарушылар көмек көрсетті. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің өңірлік бөлімшесі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгін Талас ауданында «Тараз – Қаратау» автожолында қардың салдарынан бірнеше жеңіл автокөлік жолдың жүру бөлігінде тұрып қалған. Құтқарушылардың жедел әрекетінің нәтижесінде 10 көлік қауіпсіз учаскелерге сүйретіліп шығарылды.

Сондай-ақ, Жуалы ауданында «Тараз – Шымкент» автожолының Шақпақ ата ауылы маңында қар құрсауында қалған тағы екі жеңіл автокөлік ТЖМ қызметкерлерінің көмегімен жолдың жүру бөлігіне шығарылды.

Ведомство мәліметінше, зардап шеккендер жоқ.

Қазіргі уақытта ТЖМ құтқарушылары жол жағдайын тұрақты бақылауда ұстап отыр. Қажет болған жағдайда жол қозғалысына қатысушыларға жедел көмек көрсету жұмыстары жалғасады.

Мамандар жүргізушілерге алыс жолға шықпас бұрын ауа райы болжамын ескеріп, сақтық шараларын қатаң сақтауға кеңес береді.

Наверх