Жамбыл облысында полицияның бес фронт-кеңсесі ашылды

19 Қыркүйек 2019, 20:03
1815
Бөлісу:
Жамбыл облысында полицияның бес фронт-кеңсесі ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Полиция департаменті басшыларының, әкімдік өкілдерінің, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті, үкіметтік емес ұйымдар, БАҚ өкілдері және блогерлердің қатысуымен Жамбыл облысының Полиция департаменті жанындағы фронт-кеңсесінің ашылу салтанаты өтті.

Ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі 2019-2021 жылдарға арналған Жол картасын және Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген мақсаттарды іске асыру аясында азаматтар үшін бұл күні бірден бес фронт-кеңсе, оның ішінде екеуі аудандық полиция бөлімдерінің жанынан ашылды.

"Жамбыл облысында 14 фронт-кеңсе жұмыс жасайды. Онда әкімшілік полиция, көші-қон және жергілікті полиция қызметінің мамандары тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, түрлі мәселелерді шешуге қатысты қажетті көмек көрсетеді, сонымен қатар халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша ақпарат береді. Сондай-ақ фронт-кеңсе қызметкерлері өздерінің тікелей міндеттерін орындаумен қатар, азаматтардың құқық қорғау органдарының жұмысын жақсарту жөніндегі ұсыныс-пікірлерін тіркейді. Құқық қорғау органдарында бұрын-соңды мұндай азаматтарды қабылдау фронт-кеңселері болмағанын ескерсек, Департамент басшылығы облыс тұрғындары үшін бұл жаңашылдықтың тигізер пайдасы мол болатынына сенім артады", - делінген Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Жаңа фронт-кеңсе өз жұмысын бастағаннан кейін ПД бастығы полиция полковнигі Арман Оразалиев азаматтарды жеке қабылдады, бұдан кейін осы күні Тараз қаласының Полиция басқармасы мен №2 қалалық полиция бөлімінде ашылған жаңа фронт-кеңселермен танысты.

Бүгінгі таңда фронт-кеңсе қызметкерлеріне барлығы 5000-нан астам адам жүгінген, олардың барлығына уақтылы құқықтық көмек көрсетілді, әрбір өтінішке азаматтар толыққанды және кәсіби жауап алды.


Өзгелердің жаңалығы