Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Жамбыл облысында өңірлік мемлекеттік табиғи парк құрылды

21 Тамыз 2025, 00:45
658
Бөлісу:
 Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті
Фото: Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

Жамбыл облысында жаңа өңірлік мемлекеттік табиғи парк – "Мерке" паркі құрылды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті қаулысы қабылданды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Парк ерекше қорғалатын табиғи аумақ мәртебесін алып, 86 632 гектарды қамтитын Батыс Тянь-Шаньның тау етегі мен таулы аймақтарындағы бірегей экожүйелерді қорғауға бағытталған.

"Мерке мемлекеттік өңірлік табиғи паркінде" Қазақстанның Қызыл кітабына енген барыс, арқар, үнді жайрасы мен түркістан сілеусіні сияқты сирек кездесетін жануарлар мекендейді, – деп жазды Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметі.

Парк мемлекеттік органдардың, ғылыми мекемелердің, жергілікті қауымдастықтардың және БҰҰ Даму бағдарламасы халықаралық серіктестердің көп жылдық бірлескен еңбегінің нәтижесінде бой көтерді.

Өзгелердің жаңалығы