Жамбыл облысында құны 40 млн теңге тұратын аллея ашылды

6 Мамыр 2019, 10:31
2554
Бөлісу:
Жамбыл облысында құны 40 млн теңге тұратын аллея ашылды
PHOTO
Фото: автордан

Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей бастамасымен қолға алынған «Туған жер» бағдарламасы аясында игі істер атқарылуда. Жамбыл облысында Сарысу ауданының құрметті азаматтарына арналған аллея ашылды. 

Құны 40 миллион теңге тұратын жобаның құрылысын «Сан-сервис» ЖШС директоры Кеңесбек Егізбаев жеке қаражатына салған. Жаңаталап ауылындағы 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында мерт болған қаһармандарға арналған ескерткіш-монументтің алдынан ашылған аллея ауылдың ажарын ашып тұр. 

«Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас» деген, атымтай жомарт азаматтарымыздың қолдауымен ел игілігіне берілген жаңа нысан заман талабына сай бой түзеп, жасыл желекке оранған. Мұндағы басты мақсат Сарысу ауданының «Құрметті азаматы» атанған тұлғалардың есімін ұрпақ жадында мәңгі қалдыру болып табылады. Қасиетті ораза айы қарсаңында жасалған бұл бастаманың мәнін имани тұрғыдан таразыласақ та сауабы терең екенін түсінуге болады», - дейді Сарысу ауданының әкімі Қанатбек Мәдібеков.

Жамбыл облысында құны 40 млн теңге тұратын аллея ашылды

Айта кетейік, Құрметті азаматтарға арналған аллеяның жалпы алаңы 4850 шаршы метрді құрайды. Жаңадан 107 метрлік ұңғыма құдық қазылып орнатылған. Аллея ішінде 19 дана орындық, 1 сахна, 18 жарық қондырғысы орнатылған. 3700 шаршы метр жасыл желек, 500 түп арша, бөртегүл, әр түрлі тал көшеттері егілген. Жаңа үлгідегі суландыру жүйесімен жабдықталған. Құрметті азаматтар аллеясының жобалық сметалық құны 40,0 млн теңгені құрайды. Сондай-ақ, Сарысу ауданының Құрметті азаматы атанған 21 азаматтың аты-жөні жазылған тақта бар.


Өзгелердің жаңалығы