Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Есірткіні насихаттайтын интернет-сайттар бұғатталып, графити жазулар өшірілді, деп хабарлады Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
"Рефлекс-2019" жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде Жамбыл облысының полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы және Тараз қаласының полиция басқармасының жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері синтетикалық есірткіні тарататын тұлғаларды анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шара өткізді. Нәтижесінде, үйлердің қабырғалары мен қоршауларына есірткіні насихаттайтын граффит жазулар жазған Тараз қаласының тұрғыны ұасталды.Ол кінәсін мойындап, жауапкершілікке тартылды. Жазулар өшіріліп, синтетикалық есірткіні насихаттайтын интернет-сайттар бұғатталды.
"Жамбыл облысының ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Тараз қаласының үйлері мен ғимараттарының қабырғаларында граффити жазуларды алу бойынша "Тараз Жасыл ел" ұйымын тарта отырып, жүйелі түрде іс-шаралар өткізіп тұрады", - делінген таратылған ақпаратта.
Қала бойынша 600-ге жуық жазба жойылды.