Жамбыл облысында мешіттегі садақа жәшігінен ақша ұрлаған күдікті ұсталды

16 Сәуір 2021, 23:23
2135
Бөлісу:
 Жамбыл облысында мешіттегі садақа жәшігінен ақша ұрлаған күдікті ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысында мешіттегі садақа жәшігінен ақша ұрлаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Т. Рысқұлов аудандық полиция бөліміне Көкдөнен ауылының мешіт имамы xабарласып, түнгі уақытта белгісіз адамдардың мешіттің ішіне терезесін сындырып кіріп, садақа жәшігінен жиналған ақшаны ұрлап кеткені туралы айтты. 

Аталған дерек бойынша аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 32 жастағы Түркістан облысының тұрғыны анықталып, ұсталды. Ол өз кінәсін мойындады және уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі 3-тармағымен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы