Жамбыл облысында малшыдан 12 кг марихуана тәркіленді

<p> </p> <h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысында малшыдан 12 келіден астам есірткі тәркіленді, деп хабарлайды&nbsp;Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.</h4>

 12 Желтоқсан 2020 2020, 01:42
12 Желтоқсан 2020 2020, 01:42
1807

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысында малшыдан 12 келіден астам есірткі тәркіленді, деп хабарлайды Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Шу ауданының шаруа қожалығында малшы болып жұмыс істейтін 27 жастағы жергілікті тұрғыннан жалпы салмағы 12 килограмнан астам «кептірілген марихуана» тәркіленді. Бұл дерек бойынша ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр, - деп жазылған хабарламада.
Ұсталған азамат өз кінәсін мойындап, Шу ауданының уақытша изоляторына қамалды.
Наверх