Жамбыл облысында 10 жасар баланың өліміне байланысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қайғылы оқиға патронаттық тәрбиедегі отбасында орын алған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алдын ала мәлімет бойынша, бала өлімінің алдында қатыгездікке ұшыраған болуы мүмкін.
Осы отбасында тағы төрт бала тәрбиеленіп жатқаны белгілі. Жамбыл облыстық Полиция департаменті күдіктінің ұсталғанын растады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта барлық мән-жайларды анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу жан-жақты, толық және объективті түрде өтетін болады, - делінген ведомство хабарламасында.
Тергеу мүддесіне байланысты қосымша ақпарат әзірге жария етілмейді.