Жамбыл облысында былтыр 28 елді мекен ауыз сумен қамтылған, деп хабарлайды BAQ.KZ облыс әкімдігіне сілтеме жасап.
Жамбыл облысында өткен жылы «Қуатты өңірлер-ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында 54 нысанның құрылысына 13,6 млрд теңге бөлінген.
Нәтижесінде 28 елді мекен тұрғындары сапалы ауыз суға қол жеткізген.
Ал, ағымдағы жылы 49 нысанның құрылыс-монтаж жұмыстарына 21,7 млрд. теңге қарастырылған. Ал, жыл соңына дейін 25,7 мың адам қоныстанған 43 ауыл толыққанды тіршілік нәрімен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.