Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Жамбыл облысында ауа райы күрт нашарлады

27 Сәуір 2024, 21:05
1024
Бөлісу:

Жамбыл облысында ауа райы күрт нашарлауына байланысты жолға құм себіліп жатыр, деп хабарлады BAQ.KZ "ҚазАвтоЖол" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жамбыл облысында ауа райының күрт өзгеруі салдарынан "Алматы-Ташкент-Термез" автожолының 573-593 шақырымы аралығында қарқынды жұмыстар жүргізіліп жатыр, - делінген хабарламада.

Компанияның мәліметінше, таңертең қар аралас жаңбыр жауса, қазіргі сәтте қар жауып тұр. Сол себепті жол-пайдалану техникасына шұғыл тәртіпте реагенттер тиеліп, автожолға құм себіліп жатыр.

"ҚазАвтоЖол" жүргізушілерден қауіпсіз арақашықтықты сақтап, рұқсат етілген жылдамдықты асырмауды сұрады.

Өзгелердің жаңалығы