Жамбыл облысында әк шығаратын зауыттың құрылысы жүргізілуде

«Тараз» индустриалды аймағында 14 резидент тіркелген, олар жалпы құны 137 млрд теңге болатын 15 жобаны іске асыруда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

24 Желтоқсан 2024 2024, 21:09
АВТОР
 Жамбыл облысының әкімдігі 24 Желтоқсан 2024 2024, 21:09
24 Желтоқсан 2024 2024, 21:09
517
Фото: Жамбыл облысының әкімдігі

«Тараз» индустриалды аймағында 14 резидент тіркелген, олар жалпы құны 137 млрд теңге болатын 15 жобаны іске асыруда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осы жобалар аясында 1 326 жұмыс орнын құру жоспарланған. Үш жоба Өзбекстан, Түркия және Қытайдан келген шетелдік инвесторлардың қатысуымен жүзеге асырылуда.

«KazGeoEnergy» ЖШС әк өндіру жобасын қалға алды. Қазір геологиялық барлау жұмыстары жүргізілуде. Әкімшілік және тұрмыстық ғимараттың құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталды. Пешті орнату бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ Қытайдан 464 млн. теңгеге сөндірілмеген әк шығаруға арналған жабдыққа тапсырыс беріліп, жеткізілді. Қазіргі уақытта жақтаудың құрылысы жүргізілуде.

Жалпы инфрақұрылымның құрылысы аяқталғанша құрылыс алаңы уақытша электр беру желілерімен қамтамасыз етілді.

Наверх