Жамбыл облысында 7 ауыл тұрғындары 100% екпе салдырған

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.&nbsp;Жамбыл облысы Сарысу ауданының тұрғындары арасында екпе алу қарқынды жүріп жатыр.&nbsp;</h4>

15 Қыркүйек 2021 2021, 10:30
АВТОР
 15 Қыркүйек 2021 2021, 10:30
15 Қыркүйек 2021 2021, 10:30
7261

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысы Сарысу ауданының тұрғындары арасында екпе алу қарқынды жүріп жатыр.  Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Мобильді топтар қазір ауыл-аймақтарда екпе салу жұмыстарын белсенді жүргізуде. Қазіргі таңда ауданға қарасты Жайылма, Жаңаарық, Досбол, Тоғызкент, Қамқалы, Игілік және Түркістан ауылдық округтерінің тұрғындары 100 пайыз екпе салдырған, - делінген хабарламада.

Ауданда вакцинаның 7 егу пункті жұмыс істеп тұр, оның ішінде біреуі көшпелі. Бүгінде жалпы вакцина салуға жататын аудан тұрғындарынын 83,2% екпе салдырды.

Ауданда вакцинаның 1-ші компонентін салдырғандардың үлесін 87%-дан асыру көзделіп отыр. Екпеден кейін асқынулар тіркелмеген.



Наверх