Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2020 жылы Жамбыл облысындағы 45 мыңнан аса мүмкіндігі шектеулі азаматты оңалтуға 808 млн теңге қаражат бөлінген. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысы Жорабек Баубеков Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте баяндады.
Қазақстан Республикасы мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтары туралы халықаралық конвенцияға қосылып, оларға көрсетіліп жатқан көмектерді халықаралық стандарттарға сәйкес көрсету бойынша жұмыстар атқарылып жатыр.
Жамбыл облысында 45 787 мүмкіндігі шектеулі азамат бар. 2020 жылы осы азаматтарды оңалту мақсатында республикалық және облыстық бюджеттен 808 млн теңгедей қаражат бөлінді. Бұл қаражаттарға тиісті оңалту құралдары алынып, 10 367 мүмкіндігі шектеулі жамбылдық көмек алды. Бұдан бөлек, аудандық және облыстық бюджет тарапынан бөлінетін 1,5 млрд теңгеден аса қаражатқа әлеуметтік қызметтер көрсетіліп отыр. Яғни, құрал-жабдықтармен, сондай-ақ модульді мамандармен, жеке көмекшілер мамандармен қамтамасыз етіліп отыр, - деді ол.Басқарма басшысының мәліметінше, 9 915 мүмкіндігі шектеулі азамат әлеуметтік қызметтің аталған түрлерімен қамтамасыз етілген.
Облыс әкімі облыстың әр ауданындам.мкіндігі шектеулі азаматтарды бейімдеу және оңалту орталықтарын ашу тапсырылған болатын. Бүгінгі күні Тараз қаласы мен 7 ауданда осындай орталықтар ашылған. Мойынқұм, Сарысу, Талас аудандарында жұмыстар жүргізіліп жатыр. Осы жылы Талас ауданы бойынша ғимарат мәселесі шешіліп, тиісті құжаттар дайындалып жатыр. Сонымен қатар осы жылы Қаратау қаласында балаларға арналған 30 бейімдеу және оңалту орталығы ашылады. Одақ бөлек, ересек мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызды да оңалту-бейімдеу жұмыстары тысқары қалып жатқан жоқ. Бүгінгі таңда Жамбыл облысында 65 орындық ересек мүмкіндігі шектеулі азаматтарды оңалту орталықтары жұмыс істеп тұр, - деп түсіндірді Жорабек Баубеков онлайн брифингте.
Одан бөлек, Шу ауданы Төле би ауылында 30 орындық бейімдеу және оңалту орталығын ашу жоспарланып отыр.