Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысында күзгі жиын-терін жұмыстары 90 процентке аяқталды. Жергілікті шаруалар қалған өнімдерді жинап алып жатыр, деп хабарлады Хабар24.
Оқи отырыңыз:
"Жүгері жинау жұмыстары жүріп жатыр. 45 проценті аяқталды. Әлі 55 проценті жиналу керек. Мына сәл ауа райы қолға байлау болып жатыр бүгінгі күні. Негізгі дақылдардың барлығы 1 қарашаға дейін бітіреміз деп отырмыз. Бірақ қант қызылшасы дақылын сол 1 желтоқсанға дейін барады деп жоспарлап отырмыз", - деді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Шәкір Момынқұлов.