Жамбыл облысында 340 мыңға жуық адам бұқаралық спортпен айналысады

23 Қазан 2019, 08:52
2082
Бөлісу:
Жамбыл облысында 340 мыңға жуық адам бұқаралық спортпен айналысады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жамбыл облысында бұқаралық спорт дамып келеді. Халыққа қолжетімді спорт нысандарының да саны артып отыр. Ендігі міндет үлкен спорттағы жетістіктерді еселеу. Нақты атқарылатын жұмыстарға жүйелі жоспар құрып, тыңғылықты зерделеу жүргізу керек. Осыған орай аймақ басшысы Асқар Мырзахметов спорт басқармасының басшысын қабылдады.

Сала басшысы үстіміздегі жылдың тоғыз айында атқарылған негізгі жұмыстарды баяндады.

"Қазіргі таңда Жамбыл облысында 340 мыңға жуық адам тұрақты түрде бұқаралық спортпен айналысады. Спортты жанына серік еткен жұрттың саны өткен жылмен салыстырғанда біршама артқанын байқауға болады. Ал аймақ бойынша спорт нысандарының жалпы саны 2437–ні құрап отыр. Олардың 1297-сі шағын спорт алаңшалары. Осы алаңшалардың 112 –сі үстіміздегі жылы жаңадан пайдалануға беріліп отыр", - делінген хабарламада.

Осы ретте облыс әкімі спорт алаңшалардың санын халықтың орналасуына қарай зерделеп, аудан орталықтары мен Тараз қаласында көптеп салуды тапсырды. Сондай-ақ, үлкен спорттағы жетістіктер де  жоқ емес. Облыс спортшылары әлемдік ареналар мен республикалық додаларда үздіктер қатарынан көрініп келеді. Мәселен, биылғы жылы 1320 медальді қанжығаға байлады. Оның 421 –і алтын. Демек 421 жеңімпаз бар. Бұл көрсеткішті жыл соңына дейін тағы арттыру көзделуде. Спорт нысандары көпшілікке қолжетімді. Ауыл-аймақта спортты дамыту, аула ойындарын жандандыру, спорт жетістіктерін насихаттау - міне осы бағыттағы жұмыстарды алға бастыру үшін өңір басшысы сала мамандарына нақты тапсырмалар жүктеді.

Өзгелердің жаңалығы