Жамбыл облысында прокурорлық шаралармен 300 млн теңге сомасына алимент өндірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жамбыл облысының жеке сот орындаушыларында 2023 жылы 27 548 баланың мүддесі үшін қарызы 1 млрд теңге болатын алимент өндіру туралы 19 589 атқарушылық құжат орындауда болды.
Прокурорлық шаралармен 12 832 кәмелетке толмағандарды асырауға арналған 300 млн теңгеден астам қарыз өтелген.
Облыс прокуратурасы ӘҚБтК-нің 669-бабы негізінде алимент бойынша 76 борышкерді әкімшілік жауаптылыққа тартты (олар бойынша берешек сомасы 25 миллион теңгеден астам).
56 адамға әкімшілік қамауға алу (алимент бойынша қарыз 17 млн теңге), ал 20-ға әкімшілік айыппұл (8 млн теңге қарыз) салынды.
Қылмыстық кодекстің 139-бабына сәйкес 10 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды (3 борышкерге қатысты сот үкімі шығарылды, 6 тараптардың татуласуына және қарызды өтеуге байланысты тоқтатылды, 2 сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, 2 сотқа жіберілді).
Прокуратураның көмегімен 68 борышкер жұмысқа орналастырылды (барлығы бойынша атқару құжаттары жұмыс берушілерге жіберілді).