Полиция қызметкерлері жаппай тәртіпсіздік кезінде ұрланған қарулардың орналасқан жерін анықтау бойынша іздестіру жұмыстарын жүргізу кезінде 5 қару, 2 «РГД» гранатасы және әртүрлі калибрлі 200-ден астам патрон табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Тәркіленген қарудың ішінде 1 Калашников автоматы, 2 «ТОЗ-8» мылтығы, 2 аңшы мылтығы бар.
Сондай-ақ, полиция қызметкерлерімен Тараз қаласының қоқыс жәшіктерінің бірінің жанынан 2022 жылғы қаңтарда Жамбыл облысы ПД ғимаратынан ұрланған «АҚСУ74» автоматы мен сигналдық зымыран салынған қап табылды.
Табылған барлық қаруларға сот-баллистикалық сараптама тағайындалды.
Жамбыл облысының Полиция департаменті қарудың, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың орналасқан жері туралы хабарлаған немесе оны полицияға өз еркімен тапсырған адам, егер басқа құқық бұзушылықтарға қатысы болмаса, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын еске салады. Анонимділікке кепілдік беріледі.