Жамбыл облысында 105 борышкердің автокөлігі айып тұрағына қойылды

31 Қазан 2024, 20:57
514
Бөлісу:
Жамбыл облысында 105 борышкердің автокөлігі айып тұрағына қойылды
Фото: Жамбыл облысы ПД

30 қазан мен 3 қараша аралығында Жамбыл облысында "Борышкер-2024" жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Профилактикалық іс-шараның мақсаты құқық бұзушылардан салынған айыппұлдарды өндіріп, сондай-ақ халықты әкімшілік айыппұлдарды уақтылы өтеу қажеттілігі туралы хабардар ету.

Жолдағы рейдтер кезінде патрульдік полиция қызметкерлері борышкерлердің тиісті дерекқоры бойынша көліктердің нөмірлерімен тексеруде.

Егер жүргізуші осы тізімде табылса, көлік қарызы өтелгенге дейін айып тұрағына қойылады.

Рейдтің бірінші күнінде өндірілген сома 14 миллион 950 мың теңгені құрады. Полиция қызметкерлері борышкерлердің 678 мекенжайы бойынша аулаларын аралап шықты. Сот орындаушыларының қаулыларына сәйкес мамандандырылған айып тұрағына 105 борышкердің автокөлігі қойылды, - деді Жамбыл облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Николай Сон.

Естеріңізге салсақ, әкімшілік айыппұлды жеті күн ішінде өтесеңіз, айыппұл сомасының 50 пайыз мөлшерінде төлеуге мүмкіндік бар.

Айыппұлдарды онлайн режимінде электрондық үкімет порталының көмегімен egov.kz және qamqor.gov.kz, екінші деңгейдегі банктердің есеп айырысу-кассалық бөлімшелерінде, сондай-ақ олардың мобильдік қосымшалары арқылы тексеруге және төлеуге болады.

Өзгелердің жаңалығы