Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында облыс әкімдігі туризм басқармасының басшысы Жалғас Мұртаза айтты.
Тасын түртсе тарихы көрінетін Тараз шаһары «Қазақстандағы тарихи туризм орталығы» мәртебесіне лайықты түрде ие болып отыр. 2016 жылдан бастап 2019 жылға дейін облысқа келген туристердің жалпы саны жыл сайын орта есеппен 118%-ға өсіп отырған, ал карантиндік шектеулер қойылған кезеңде облысқа келген туристер саны 34,3%-ға азайған. Жалпы Жамбыл облысына жылына 100 мыңға жуық турист келген, - деді Жалғас Мұртаза.
Оның айтуынша, өткен жылы облысқа 94 479 турист ат басын бұрды.
Олардың 1 557 шетелдік турист болса, қалған 92 922-сі еліміздің басқа өңірлерінен келген турис. Ал биылғы жылдың 1-ші тоқсанының нәтижелері бойынша облысқа келушілер саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 108,8%-ға артып, 29 270 адамды құрады, оның ішінде 228 шетелдік турист, қалған 29 042-сі еліміздің басқа өңірлерінен келген туристер, - деді Ж.Мұртаза.
Ол атағандай, келушілерді жайлы орналастыру және жоғары сапалы қызмет көрсету үшін барлық қажетті инфрақұрылым құрылуда.
Кешеннің құрылымында ұзындығы 2 050 метрлік арқан жолы, Еуропалық үлгідегі 20 коттедж, 100 орындық қонақ үй, әрқайсысы 70 орындық 2 мейрамхана, 30 орындық кафе, жоғарыдан көруге арналған тамашалау алаңы, сервис орталықтары, әрқайсысы 100 автомашинаға арналған 2 автотұрақ болады. Кешен аумағында арнайы әзірленген табиғи туристік экскурсиялық соқпақтар бойынша құзға шығу, жаяу, атпен және велосипедпен жүру бағыттары, волейбол, баскетбол және футбол алаңдары, теннис корттары, ашық үлкен және кіші бассейндері бар аквапарк, жазғы амфитеатр, «ашық аспан астындағы» кинотеатрлар және сауда орындары сияқты демалыс пен ойын-сауықтың жазғы түрлері де ұйымдастырылады, - деді басқарма басшысы.