Жамбыл облысына 5 блок-бекет қойылды

17 Желтоқсан 2023, 22:25
649
Бөлісу:
Жамбыл облысына 5 блок-бекет қойылды
Фото: baq.kz

Жамбыл облысына 5 блок-бекет қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жамбыл облысы ПД бастығы полиция генерал-майоры Арманбек Баймурзин өзінің фейсбуктегі парақшасында ауа райына байланысты қазіргі ахуал туралы хабарлады.

ПД бастығы 16 желтоқсандағы жағдай бойынша, жауын-шашынның салдарынан жолдың қатты көктайғақ болуына байланысты «Алматы-Ташкент-Термез» тас жолының 239-дан 593-шақырымына дейін (Түркістан облысының шекарасы) көлік құралдарының барлық түрі үшін жол жабық екенін жазды.

Полиция қызметкерлері барлық ауданның аумағына блок-бекеттер қойды. Атап айтқанда, Қордай, Меркі, Т. Рысқұлов аудандары, Тараз қаласы және Түркістан облысының шекарасы.

Азаматтар үшін 65 жылыту пункті жұмыс істеп тұр. Қазіргі уақытта онда 36 адам жеткізілді. Оқыс оқиға мен қайғылы жағдай болған жоқ.

Өзгелердің жаңалығы