Жамбыл облысы Ресей мен Қырғызстанға шұжық экспорттайды

1 Қараша 2020, 15:39
1593
Бөлісу:
Жамбыл облысы Ресей мен Қырғызстанға шұжық экспорттайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының қаржылай қолдауына ие болған цех ішкі нарықты қамтамасыз етумен қатар, экспортты да жолға қойған.

Бүгінде кәсібін кеңейтіп, бизнесін жүргізем дегендерге «Даму» қорынан демеу көп. Аталған қор жамбылдық кәсіпкерлерге жалпы сомасы 7,2 млрд теңге несие бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау түрінде қаржылық қолдау көрсеткен.

Шағын және орта бизнеспен айналысушыларға несие бойынша пайыздық мөлшерлемені азайту қарастырылған. Нәтижесінде кәсіпорындар өнім өндірісі мен қызмет көрсету шоғырын ұлғайтуға мүмкіндік беретін ғимараттар мен жабдықтар сатып алып, айналымдық қаражаттарын толықтырған. Солардың бірі -«Сарыбас» кәсіпорны.

Нәтижесінде 2018 жылы «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында компания жаңа жабдықтар сатып алуға мүмкіндік алды. Мемлекеттік қолдау көрсетіліп, екінші деңгейдегі банктен компанияға жылдық 14%-дан 276 млн теңге сомасында несие берілді, оның 8%-ын «Даму» Қоры субсидиялаған.

Бүгінде мұнда шұжықтардың 39 түрі өндіріліп, «Сай-ко», «Сарыбас» және «Болат және Ко» сауда маркаларымен сатылымға шығарылады. Қазіргі таңда біздің шұжық өнімдері еліміздің аймақтарымен қатар, Ресей мен Қырғызстанға да жеткізілуде. Бұдан кейін тағы басқа мемлекеттерге де өнімімізді шығарамыз,- дейді цех басшысы Берік Саденалиев

Өзгелердің жаңалығы