Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Жамбыл облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы басшысының орынбасары Жәмиля Бекбатырова айтты.
Облыс мектептерінде медициналық қарсы көрсетілімдері бар мұғалімдерді қоспағанда педагогтар 100% вакцина алды. Сондықтан сабақты дәстүрлі форматта жүргіземіз. Сонымен қатар сабақтарды офлайн жүргізу үшін барлық мектепте санитарлық талаптар сақталады, - деп айтты ол.
Білім басқармасының өкілі атап өткендей, оқушылар бастауыш, орта және жоғары сыныптың оқушылары өздеріне белгіленген кіреберістен кіреді. Сондай-ақ өз кабинеттеріне баратын схемалар мектеп ішінде көрсетілген. Сол арқылы кабинеттерге кіреді. Бір сыныпқа бір кабинет бекітілген.
Салтанатты түрде өтетін линейка тек қана 1-сынып оқушылар үшін өткізіледі. Бір үйден тек бір ата-ана келеді. Қалған 2-11 сынып оқушылары өздеріне бекітілген сыныптарда Білім күніне арналған ашық тәрбие сағаттарына қатысады, - деп түсіндірді Жәмиля Бекбатырова.
Тәрбие сағаттары «Тәуелсіздіктің жетістіктері» тақырыбында ұйымдастырылады.
Еске сала кетейік, облыста жаңа оқу жылында 442 мектепте 240 мыңнан аса оқушы келеді деп күтіліп отыр. 1-сыныпқа шамамен 22 327 оқушы келеді. Бүгінгі күні 21 603 бала қабылданды.