11 ақпанда Жамбыл ауданында "Алматы-Термез-Ташкент" тас жолының жабық учаскесінің алдында 534-593 км) 150 жеңіл, 250 жүк көлігі және 30 жолаушылар автобусы жиналып қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жамбыл ауданында ыстық тамақпен қамтамасыз етілген 3 жылыту пункті ашылды. Адамдар қажет болған жағдайда жылыту пунктіне жеткізіледі.
АМО бригадасы 15 адамға (қысым, бас ауруы, стресс) медициналық көмек көрсетті. Облыстық ТЖД-да жедел штаб ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, "жедел желі " телефоны ашылды": 8(7262)513575, 514167.