Ертіс өңірінде биыл кірістер туралы деларацияны 180 мыңнан астам жеке тұлға тапсыру керек. Қазіргі уақытқа дейін кірістер жөніндегі құжатты 125 мыңға жуық азамат ұсынып үлгерген, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің тілшісі.
Облыстық мемлекеттік кірістер департаменті өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Ерболат Ғаббасовтың айтуынша, процедура үш жыл бұрын басталды.
Үстіміздегы жылдың қаңтарынан бері декларациялваудың үшінші кезеңі басталды. Қатысушылар қатарында жеке дара кәсіпкерлер, заңды тұлғалардың басшылары болды. Олар қыркүйекке дейін декларацияның 250- формасын тапсыруға міндеттелді. Облыста бұл форманы тапсыратын азаматтар саны 70 мыңға жуық болса, олардың 42%-құжат тапсырды. Павлодар қаласының тұрғындары тарапынан белсенділік төмен. Ал аудандар көш басында тұр. Өңірдегі жағдай қанағаттанарлық жағдайды. Жалпы, шамамен көрсеткіш 40%-ды құрап отыр, - дейді Ерболат Ғабассов.
Мамандардың айтуынша, деларацияны тапсырмаған адамдарға қатысты әкімшілік жаза қарастырылған. Құжат тапсыру мерзімі бұзылса, оларға 15 АЕК көлемінде айыппұлсалу қарастырылған.
Бұған дейін мемлекеттік қызметшілер, мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне арналған кезең толық аяқталды. Десе де, кезінде мемлекеттік қызметте болғандар арасында жыл сайынғы 270-ші форманы тапсырмағандар бар. Қазіргі уақытта оларға қатысты тиісті шаралар қолға алынды. Нақтырақ айтқанда, айыппұл салу, ескерту жіберу сияқты жұмыстар қолға алынды. Әзірге тексеру жұмыстары жүргізілмейді. Бұл шара жалпыға ортақ декларациялау толық енгізілген соң, яғни, 2025 жылдан бастап ұйымдастырылады, - дейді Ерболат Ғаббасов.