Жалпыға бірдей декларация тапсыратын адамға арналған ТОП-3 кеңес

26 Маусым 2023, 09:40
735
Бөлісу:
Жалпыға бірдей декларация тапсыратын адамға арналған ТОП-3 кеңес
Фото: Артём Чурсинов - архив

Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі Жалпыға бірдей декларациялаудың 3-кезеңінде декларация тапсыратын азаматтарға пайдалы кеңестерін ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті келесі жылы активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсыратын азаматтарға пайдалы кеңес берді.

2024 жылдан бастап жалпыға бірдей декларациялаудың 3-кезеңі басталады. Оған сәйкес келесі тұлғалар активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін тапсыруы тиіс:

- заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары және олардың жұбайлары;

- жеке кәсіпкерлер және олардың жұбайлары.

Декларация бойынша міндеттеме кәсіпкер немесе заңды тұлға қызмет жүргізбеген жағдайда да туындайтынын ескеру қажет.

Осыған байланысты, іс жүзінде кәсіпкерлік қызметті жүргізбеген жағдайда жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңінде есеп бермес үшін жыл соңына дейін мынадай іс-әрекеттерді жасауға кеңес береміз.

1. Егер сіз жеке кәсіпкер болсаңыз, бірақ қызмет жүргізбесеңіз, кәсіпкерлікті оңайлатылған тәртіппен жабу үшін тұрғылықты тұратын жеріңіз бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына жүгіне аласыз.

2. Егер сіз заңды тұлғаның басшысы болмасаңыз, бірақ заңды тұлғаның тіркеу деректерін өзгертпесеңіз, egov.kz веб-порталында хабарлама беру арқылы деректерді түзете аласыз. Әрекетсіз заңды тұлғалар басшыларының тізімімен kgd.gov.kz сайтының «Жалпыға бірдей декларациялау» бөлімінде танысуға болады.

3. Егер сіз заңды тұлғаның басшысы (құрылтайшысы) болсаңыз, кәсіпкерлік қызметті жүргізбесеңіз және жалғастыруды жоспарламасаңыз, кәсіпорынның тіркелген жері бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына жүгінуді ұсынамыз. Салық кодексінің 59-бабы 1-тармағының талаптарына сәйкес болған кезде заңды тұлға оңайлатылған тәртіппен, қалған жағдайларда салықтық тексеру жүргізілгеннен кейін таратылады.

Әрекетсіз деп танылған салық төлеушілер туралы, оның ішінде олардың басшылары туралы ақпарат «электрондық сервистер» - «бизнеске көмек» - «сенімсіз салық төлеушілердің тізімі» - «әрекетсіз деп танылған салық төлеушілердің тізімі» мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің kgd.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылады, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы