Жалғас Жұмағұлов келесі жекпе-жегінің датасын жариялады

12 Сәуір 2023, 10:35
1051
Бөлісу:
Жалғас Жұмағұлов келесі жекпе-жегінің датасын жариялады
Фото: Егемен Қазақстан

Аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов келесі айқасы қашан өтетінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

6 мамырға әрекет етіп жатырмыз, Иншаллах,- деп жазды Жұмағұлов Instagram парақшасында.

Сондай-ақ ол келесі жекпе-жегінің постерін жариялады. Оның қарсыласы – бразилиялық спортшы Рафаэль Эстевам. Спортшы 11 айқас өткізіп, мүлдем жеңіліп көрмеген.

Кездесу 6 мамырда Ньюаркадағы (Нью-Джерси) UFC 288 турнирінде өтеді.

Өзгелердің жаңалығы