Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Жалған ЖСН, шот ашу, 40 миллион: ХҚКО қызметкері жауапқа тартылды

29 Шілде 2025, 21:06
1235
Бөлісу:
 - архив
Фото: - архив

Астанада Халыққа қызмет көрсету орталығының бұрынғы қызметкері бөтен адамның атына жалған ЖСН рәсімдеп, банк шоты арқылы 40 миллион теңгені заңсыз айналымға шығарғаны үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Астана қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты бұрынғы ХҚО қызметкеріне үкім шығарды.

2024 жылдың 8 қазанында ХҚКО қызметкері Ресей азаматының атынан белгісіз тұлға ұсынған құжаттар негізінде ақпараттық жүйеге әдейі жалған мәлімет енгізген. Содан кейін жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) рәсімдеген.

Кейін осы берілген ЖСН арқылы банк шоты ашылып, оған 40 миллион теңге аударылған. Бұл азамат Т.-ға және мемлекетке залал келтірді, – делінген сот хабарламасында. 

Бұрынғы ХҚКО қызметкері кінәлі деп танылып, 3 жыл бас бостандығынан айырылды. 

Сондай-ақ оған Қазақстанда уақытша тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларға ЖСН беру және түзетуге өтінім қабылдауға қатысты қызметпен айналысуға 2 жылға тыйым салынды. 

Алайда амнистия туралы заңға сәйкес, түпкілікті үкім – қауіпсіздігі минималды мекемеде 2 жыл бас бостандығынан айыру болып бекітілді.

Осындай қылмыстық құқықбұзушылықтардың алдын алу және болашақта қайталануына жол бермеу мақсатында үкім ХҚКО операторларының қатысуымен жарияланды, – деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Шымкентте жүргізуші куәлігін заңсыз рәсімдеген қылмыстық топ ұсталғаны хабарланды. 

Өзгелердің жаңалығы