Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қаржылық мониторинг агенттігі көлеңкелі экономикамен күрес жұмысы аясында 7 жалған компанияның қылмыстық әрекетін анықтады, деп хабарлайды ҚМА баспасөз қызметі.
Қаржылық мониторинг агенттігінің Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаменті контрагенттер-сатып алушыларды салық төлеуден босату мақсатында жұмыстарды іс жүзінде орындамай, тауарларды жеткізбей жалған шот-фактуралар жазып беру бойынша заңсыз әрекеттермен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекетін әшкереледі. 2018-2021 жылдар аралығында 7 жалған компанияның қылмыстық әрекетінен жалпы айналым 2 миллиард теңгеден асқаны, соның салдарынан мемлекеттік бюджетке 300 миллион теңгеден астам салық түспегені анықталды, – делінген хабарламада.
Күдікті үйқамаққа алынды.