Жалған нөмірлі жүргізуші жауапқа тартылады – Атырау

Бүгiн, 03:25
545
Бөлісу:
Жалған нөмірлі жүргізуші жауапқа тартылады – Атырау
Фото: архив

Атырауда көлігіне жалған мемлекеттік нөмір таққан жүргізуші анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атырау облысы полиция департаменті, патрульдік полиция батальонының қызметкерлері 4 наурыз күні түнгі сағат 23:00 шамасында «Қорғау»жүйесі арқылы Азаттық көшесінде ВАЗ 2114 маркалы автокөлігін тоқтатты. Тексеру барысында көліктің шанақ нөмірі тіркеу деректеріне сәйкес келмейтіні анықталды.

2001 ж.т. жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 4-бөлігі, яғни көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) бар көлiк құралын басқару бойынша әкімшілік іс қозғалып, материалдар мамандандырылған әкімшілік сотқа жолданды. Автокөлік айып тұрағына қойылды.

Өзгелердің жаңалығы