Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Жалған iPhone сатумен айналысқан күдікті ұсталды

Бөлісу:
 Ақтөбе облысының ПД
Фото: Ақтөбе облысының ПД

Полиция жалған iPhone сатумен айналысқан күдіктіні анықтап, ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Белгілі болғандай, Ақтөбе облысының тұрғыны Instagram әлеуметтік желісіндегі «gulim_lessbek» парақшасы арқылы екі дана iPhone 16 Pro маркалы ұялы телефон сатып алмақшы болған. Сатушы банктік қосымша арқылы 660 мың теңге сомасында төлем қабылдағаннан кейін байланысқа шықпаған.

«Anti-fraud» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері Алматы қаласында жүргізілген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде осы оқиғаға қатысы бар 32 жастағы әйелді анықтап, ұстады. Аталған факті бойынша алаяқтық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, қажетті тергеу іс-шаралары жүргізілуде, - деп хабарлады Ақтөбе облысының ПД баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін Ақтөбеде iPhone ұрлаумен айналысқан бойжеткендер ұсталған болатын. 

Сондай-ақ, Астанада сауда үйінде жалған промокодтар арқылы iPhone, ноутбук, теледидар сатып, алаяқтық жасағандар қолға түсті.

Өзгелердің жаңалығы