"Жалған аккаунттар ашқан": Мемқызмет істері агенттігі азаматтарға ескерту жасады

Қазақстанда алаяқтар енді мемлекеттік қызмет істері агенттігінің басшылығынан келген хабарламалар ретінде жалған хабарламалар таратып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 скрин 9 Желтоқсан 2024 2024, 03:05
9 Желтоқсан 2024 2024, 03:05
762
Фото: скрин

Қазақстанда алаяқтар енді мемлекеттік қызмет істері агенттігінің басшылығынан келген хабарламалар ретінде жалған хабарламалар таратып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Telegram және WhatsApp мессенджерлерінде жалған аккаунттар ашып, агенттік төрағасы Дархан Жазықбайдың атынан хабарламалар таратқан алаяқтар туралы ескертеді, – деп жазылған ведомствоның хабарламасында.

Белгісіз тұлғалар қандай да бір мәліметтерді алу арқылы алаяқтық әрекеттер жасауға тырысып жатқаны түсіндіріледі.

Агенттік қазақстандықтарды жалған хабарламаларға сенбеуге, жауап бермеуге және күмәнді сілтемелерге өтпеуге шақырады.

Наверх