27 ақпаннан бастап елордалық «Тұрғын үй орталығы» «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ арқылы Астана қаласында сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйге құжаттарды қабылдауды бастайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қала әкімдігінің ресми сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, атаулы бағдарламаға бұрын жарияланған бағдарлама бойынша пәтер көлеміне қосымша болып саналады. Бұл бағдарламаға кез кезген санаттағы тұрғын үй кезегінде тұрған азамат қатыса алады, егерде төмендегі еңбек салаларында қызмет жасаса:
1) Білім беру;
2) Денсаулық сақтау;
3) Мәдениет;
4) Спорт;
5) Әлеуметтік қорғау;
Астана қаласы әкімдігіне бағынысты мекемелер;
6) Астана қаласының Полиция департаменті және оның бағынысты мекемелері;
7) Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті және оның бағынысты.
Пәтерлер саны: 50. Тұрғын үй сатып алу құқығымен жалға беріледі. 1 шаршы метрге жалға алу құны – 1455 теңге. Жалға алудың ең ұзақ мерзімі – сатып алу құқығымен 20 жылға дейін екенін атап өткен жөн. Тұрғын үй жалға алу мерзімі өткеннен кейін жалға алушының меншігіне өтеді. Табыс жеткіліксіз болған жағдайда кепілгерлерді тарту мүмкіндігі бар. Тұрғын үй Сарыарка ауданы Көктал елді мекені, 12-95 көш, 12/1 үй мекенжайында орналасқан.
Өтініштер 2023 жылдың 27 ақпанынан 10.00-ден бастап 3 наурызға 23.59-ға дейін қабылданады. Өтінімдерді қабылдау электронды түрде qatysu.zhilfond.kz порталында жүргізіледі.
Құжаттар тізімі:
1) ЭЦҚ кілті;
2) өтінім берген сәтте 10 күннен кешіктірмей берілген мекеменің фирмалық бланкісіндегі жұмыс орнынан анықтаманың сканерленген нұсқасы.
Айта кеткен жөн, егер сіз өтініш берген кезде, мысалы, екі бөлмелі пәтерді таңдасаңыз және таңдау нәтижелері бойынша оған сәйкес келмесе, сіз пәтердің басқа түрін таңдай алмайсыз және қайта өтініш бере алмайсыз.
Бағдарлама 2 кезеңде жүзеге асырылады:
1) Қатысуға өтініш беру және кезекке қою күніне сәйкес іріктеу;
2) Кезекке қою күні бойынша байқаудан өткеннен кейін Қазақстан тұрғын компаниясында төлем қабілеттілігі рәсімдерінен өту қажет (8 800 080-44-48 ҚЖК жедел желі телефоны).
Өтінімдерді қарау нәтижелері туралы кейінірек zhilfond.kz, «Астана қаласы тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы» ММ сайтында – gov.kz және Тұрғын үй орталығында әлеуметтік желілерінде жарияланады.