Жалға алынған көлігін сатып жіберген алаяқ ұсталды

Кеше, 20:06
221
Бөлісу:
Жалға алынған көлігін сатып жіберген алаяқ ұсталды
Фото: BAQ.KZ архив

Алаяқ жалға алған көлігін 3 млн теңгеге сатқан, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жас жігіт OLX арқылы Ravon көлігін жалға алып, күн сайын 10-15 мың теңге төлеп тұрам деп уәде берген. Көлікті алып көзден таса болған.

Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде Байқоңыр ауданы криминалдық полиция қызметкерлері жалға алған автокөлікті астаналыққа сатып үлгірген 35 жастағы Қарағанды қаласының тұрғынын анықтап ұстаған. Көлік иесіне қайтарылды, күдіктіге мәселе шешілгенше кетпеу туралы жазылу шарасы қолданылды, - деп хабарлады Астана қаласының ПД баспасөз қызметі.

Полицейлер елорда тұрғындарына алаяқтардың айла-амалдарына бой алдырмауды ескертеді. Сізге қатысты заңсыз әрекеттер жасалған болса дер кезінде 102 арнасына полицияға хабарласыңыз.

Өзгелердің жаңалығы