Жалақы индексі 102,7%-ды құрайды – Ұлттық банк төрағасы

Бөлісу:
Жалақы индексі 102,7%-ды құрайды – Ұлттық банк төрағасы
Фото: автордан

Тоғыз айдың қорытындысы бойынша экономикалық өсім 4%-ға жеткен, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Қазақстан қаржыгерлерінің XII конгресінде Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді.

Біз инфляция төмендеп келе жатқанын байқап отырмыз. Егер жылдық мәндерге тоқталсақ, көрсеткіш былтырғы ақпандағы шарықтау шегінен 2,5 есе төмендеп, қазан айының қорытындысы бойынша 8,5%-ға түсті. Осыған қарамастан, мақсатымызға әлі жетпегеніміз түсінікті. Бұл деңгей әлі де біз көздеген көрсеткіштен 70%-ға жоғары. Сол себепті макроэкономикалық реттеуші ретінде қатаң ақша-кредит саясатын ұстануымыз керек. Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі де төмен межеде қалып отыр: биылғы 3-тоқсанның қорытындысы бойынша көрсеткіш 4,6% болды. Жалақы өсіп жатыр. Нақты жалақы индексі 102,7%-ды құрап, орташа айлық жалақы 2023 жылдың осы кезеңіндегі тоқсанмен салыстырғанда 11,3%-ға өсті, - деді Тимур Сүлейменов.

Кейінгі 5 жылда халықтың қолма-қол ақшасыз транзакциялары 10 есе өсіп, бөлшек сауда айналымындағы үлесі 90%-ға жеткенін атап өтті.

Биылғы 9 айда негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 0,6%-ға артты. Шикізаттық емес секторға салынған инвестиция көлемі әлдеқайда жоғары қарқынмен өсіп, 10,2%-ға жетті. Кейінгі 5 жылда халықтың қолма-қол ақшасыз транзакциялары 10 есе өсіп, бөлшек сауда айналымындағы үлесі 90%-ға жетті, - деді Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы.

Өзгелердің жаңалығы