Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әбу-Дабидегі Яс аралында UFC 251 турнирі өтіп жатыр деп жазады Prosports.kz.
Кеш аясында қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов көптен күткен UFC-дегі дебюттік кездесуін өткізді. Отандасымыздың қарсыласы 24 жастағы бразилиялық спортшы Раулиан Пайва болды.
"Сарбаздар аралында" өткен жекпе-жек толық үш раундқа жалғасып, бразилиялық спортшы жеңіске жетті.
Ең жеңіл салмақтағы жекпе-жек үш раундқа есептелген. Төрешілердің шешімімен Жалғас Жұмағұлов ұтылды. Осылайша, Жалғас Жұмағұлов UFC турнирін сәтсіз бастады, кәсіби карьерасында төртінші рет жеңілді. Раулиан Пайва жиырмасыншы рет жеңіске жетті, оның UFC-тағы деңгейі— 2-2.