Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі дебютінде қанша қаражат тапты?

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Спорттағы қаражат туралы&nbsp;Sportekz.com блогы&nbsp;UFC 251 турниріне қатысқан файтерлердің гонорар сомасын жариялады, деп хабарлайды&nbsp;Prosports.kz&nbsp;тілшісі&nbsp;<a href="https://express.co.uk/" target="_blank">Express.co.uk</a>&nbsp;басылымына сілтеме жасап.</h4>

 14 Шілде 2020 2020, 05:27
14 Шілде 2020 2020, 05:27
2619

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Спорттағы қаражат туралы Sportekz.com блогы UFC 251 турниріне қатысқан файтерлердің гонорар сомасын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Express.co.uk басылымына сілтеме жасап.

Дереккөздің мәліметінше, бастапқы кардта бразилиялық Раулиан Пайвамен жекпе-жек өткізген қазақстандық Жалғас Жұмағұлов бұл кездесу үшін 12 мың доллар алған. Қарсыласының да сомасы сондай, бірақ Пайва салмағы шектеуден асып кеткендіктен де, алатын ақшасының 20%-ын Жұмағұловқа береді. 

Еске салайық, 12 шілдеде Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі дебютін өткізіп, бразилиялық қарсыласына төрешілер шешімімен жол берген болатын. Бірақ бұл шешім мамандар мен жанкүйерлерге ұнамаған, себебі көбі қазақстандық файтердің жеңгенін айтып жатыр. 

Наверх