Жалғас Жұмағұлов: Бойдан күш кетсе, мінезге жүгінеміз

9 Шілде 2020, 02:27
1384
Бөлісу:
Жалғас Жұмағұлов: Бойдан күш кетсе, мінезге жүгінеміз

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Arlan MMA Pro командасының өкілі қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов (13-3) Youtube желісіндегі "ММА жаршысы" арнасына сұхбат беріп, Сарбаздар аралындағы UFC 251 турниріне дайындықтың қалай жүріп жатқанын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жарияланған сұхбатта Жұмағұлов америкалық промоушндегі бәсекелестерінен қаншалықты ерекшеленетіні, қарсыласпен кездесу және айқасқа дайындық туралы айтты.

Еске сала кетелік, Жалғас Жұмағұлов 12 шілдеде UFC 251 турнирінде өнер көрсетеді. Ол бастапқы кардта бразилиялық Раулиан Пейвамен (19-3) кездеседі. Жекпе-жек Нұр-Сұлтан уақытымен 05:00-де (Мәскеу уақытымен 02:00) өтеді. Турнирдің онлайн-трансляциясын Qazsport телеарнасы көрсетеді.


Өзгелердің жаңалығы