Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нью-Йорктегі танымал қазақ полицейі Димаш Ниязов 20 ақпанда Майами қаласында жекпе-жек өткізетінін айтты. Бұл туралы АҚШ-тағы жерлесіміз AntikorLive жобасының тікелей эфирінде кезінде хабарлады.
Сонымен қатар, АҚШ-тағы қазақ полицейі Димаш Ниязов Қазақстандық полицейлер арасында бокс шоуын өткізгісі келетінін айтқан болатын.
Біз шоу жасай аламыз деп үміттенемін. Мүмкін мен өз тобымды Қазақстандағы полиция қызметкерлерімен бәсекеге түсу үшін алып келуім мүмкін. Бұл өте қызықты болады. Біз мұнда да өнер көрсетеміз, біздің полицейлер Ирландияға, Пуэрто-Рикоға барған болатын, - деді ол тікелей эфирде.
Оның сөзінше, карантин аяқталып, бәрі орнына келген соң жоспарын жүзеге асыруды ойлап отыр.
Сондай-ақ, Димаш Ниязов кәсіпқой бокшы ретінде алдағы жоспарларымен бөлісті.
Шаршы алаңға шықпағаныма біршама уақыт болды. Себебі ем алдым. Сондықтан көбі біраздан бері өнер көрсетпегенімді біле бермейтін шығар. Алайда жаттығып жүрмін. Қазір денсаулығым жақсы. Жақында 20 ақпанда жекпе-жекке шығамын. Флорида штатының Майами қаласында өнер көрсетемін. Қарсыласым колумбиялық боксшы Джонатан Терес. Жақында Қазақстанға тағы бір жеңіс сыйлаймын, - деді Димаш Ниязов.
Барлығы жоспарлағандай болса, онда өзінің әлеуметтік желілерінде толығырақ ақпарат тарататынын айтты.