Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Австралияда жапондық энцефалит өршіп тұр. Тропикалық ауру 34 адамға жұғып, 3 адамның өмірін жалмады деп жазады The Washington Post.
Аурудың пайда болуына климаттың өзгеруі себеп болған.
Жапондық энцефалит сирек кездеседі және негізінен симптомсыз орын алады. 99% жағдайда ол еш симптомсыз өтеді. Тек 1% жағдайда ғана қайғылы аяқталады. Дәрігерлердің айтуынша, тірі қалғандардың жартысы үнемі түрлі қиындықтарға тап болады. Себебі оны емдейтін дәрі жоқ.
Ал Австралия осы жолы вакцина импортына миллион доллар қаржы жұмсайды деп болжануда.
Аталған елдің қоғамдық денсаулық сақтау саласының мамандары жапондық энцефалит – жаһандық жылынудың салдарынан аурудың асқынуының соңғы көрінісі екендігін алға тартты.
Жапондық энцефалит Азия мен Тынық мұхитының ыстық аймағындағы 24 мемлекет үшін, сондай-ақ Австралияның солтүстік-шығысынан Жапония, Корея, Қытай, Оңтүстік-Шығыс Азия мен Үндістанға эндемиялық дерт. Бұл аурудан жылына 13 мыңнан 20 мыңға дейін адам қайтыс болады.
Ауруды тарататын масалар оны ағын сулар арқылы жұқтырады, бұл көбінесе күшті тропикалық нөсер кезінде орын алады.