Ақтауда жылу желісі жарылып, 11 жастағы бала күйіп қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жазатайым оқиға 4 наурызда қаладағы 15 шағын ауданда болған. 2014 жылы туған ер бала аяғы тайып кетіп, магистральдық жылу трассасының бүлінген құбырынан атқылаған ыстық судың астында қалған. Апат туралы коммуналдық қызмет оқиға болған соң бір-ақ білген.
Ұл баланың саны, табаны мен жіліншігі күйіп қалған. Денесіндегі күйік 30%-ды құрайды. Алған күйік жарақаты салдарынан оның жағдайы ауыр. Ақыл-есін біледі, алайда мазасыздық байқалады. Қазірі уақытта реанимация бөлімшесінде ем қабылдап жатыр. Жүрек ырғағы мен тыныс алуы тұрақты. Травматолог дәрігерлермен бірге күйік жарақаттарына хирургиялық өңдеу жүргізілді. Әзірге пациент жансақтау бөлімшесінде қалады, - деп атап өтті Маңғыстау облыстық көпсалалы балалар ауруханасынан.