Қазақстанның соңғы жаңалықтары

"Жағдай қиын": Киев мэрі тұрғындарға шұғыл мәлімдеме жасады

Бүгiн, 15:20
167
Бөлісу:
 Anadolu
Фото: Anadolu

Украина астанасы Киев қаласының мэрі Виталий Кличко тұрғындарды жағдайдың күрделі екенін айтып, мүмкіндігі барларды қаладан уақытша шығып кетуге, ал қалғандарын азық-түлік, су және дәрі-дәрмекті алдын ала әзірлеп қоюға шақырды, деп хабарлайды BAQ.KZ Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, ахуал одан әрі нашарлауы мүмкін.

Тұрғындарға ашық айтамын: жағдай өте қиын және бұл ең ауыр кезең болмауы да мүмкін. Азық-түлік, су, қажетті дәрі-дәрмектің қорын жасап қойыңыздар. Қала сыртында тамақ пен жылудың балама көздері бар жаққа кетуге мүмкіндігі барлар бұл нұсқаны да назардан тыс қалдырмасын, – деп жазды Кличко әлеуметтік желідегі парақшасында.

Оның сөзінше, энергетика саласындағы қиын ахуалды ескере отырып әрі ресейлік әскердің қала мен елдің маңызды инфрақұрылым нысандарына шабуылын жалғастыратынын түсініп, Киев түрлі даму сценарийлеріне дайындалып жатыр.

Кличко жұмыс берушілерді жұмыс кестесін икемді етуге және мүмкіндігінше қызметкерлерді қашықтан жұмыс режиміне көшіруге шақырды. Қаланың әр ауданында жедел әрекет етуге аудандық мемлекеттік әкімдік жауап береді.

Мэрдің айтуынша, Киевте адамдар көп жиналған жағдайда түнеуге мүмкіндік беретін жылыну пункттері айқындалған. Онда жылу мобильді қазандықтар арқылы қамтамасыз етіледі, сондай-ақ тамақ пен гигиена құралдары қарастырылған.

Сондай-ақ мэр Киев қалалық мемлекеттік әкімдігінің барлық қызметі мен департаменттері тәулік бойы жұмыс істеп жатқанын атап өтті. Сол сияқты коммуналдық қызметтер, ауруханалар мен әлеуметтік мекемелер де күндіз-түні қызмет көрсетуді жалғастыруда.

Өзгелердің жаңалығы