Жағдай өте ауыр – Украинадан келген қазақстандық

28 Ақпан 2022, 23:45
1634
Бөлісу:
Жағдай өте ауыр – Украинадан келген қазақстандық

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Польша рақылы елге жеткен жерлесіміз Еркебұлан Мәмбетов Украинадан бері қалай жеткендерін айтып берді.

Ұшақтар әрең шығып жатыр, біз әуежайда 3-4 күн болдық. Оңай емес. Адамдар әлі жүр ол жақта. Мен Украинаға іссапармен бардым. Конгреске барғанбыз, бір күн ғана жұмыс істедік. Жағдай өте ауыр, бастысы адамдарды сақтап қалуға көңіл бөлу керек. Өзім Солтүстік Қазақстанда тұрамын, қазір ол жаққа жету үшін билетті қарап көремін, – деді ол. 

Айта кетсек, осыдан бір сағат бұрын, яғни 22.35-те 175 жерлесіміз мінген «Эйр Астана» борты Алматы әуежайына келіп қонған еді. 

Алматы әкімдігі эвакуацияланған отандастарымыз үшін күніне үш рет тамақтанатын ыңғайлы қонақ үйге трансфер және орналастыру ұйымдастырғандарын мәлімдеді. Алматыға келгендердің барлығына  уақтылы әрі жан-жақты қолдау көрсетіледі.

Ұшып келгендердің көпшілігін жақындары мен туыстары қарсы алды.

Өзгелердің жаңалығы