Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Жағажайда демалған 100-ден астам адам ауырып қалды

4 Тамыз 2025, 09:30
923
Бөлісу:
 BAQ.KZ  pixabay.com
Фото: BAQ.KZ pixabay.com

Лиссабонның солтүстігінде орналасқан Португалияның ең танымал курорттарының бірі Назаре жағажайында демалушылар арасында жаппай улану оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Euronews-ке сілтеме жасап.

Португалияда 116 адам Лейрия округіндегі Назаре жағажайында болғаннан кейін өздерін нашар сезінген. Курорттық аймақта техникалық ақауға байланысты жағалауға ластанған су төгілген. Жағалаудан өткір жағымсыз иіс шыға бастаған. Соның салдарынан шомылуға тыйым салынып, жабылған. 

Жергілікті денсаулық сақтау бөлімінің дерегінше, сенбі кешке дейін 70 адам — 44 бала мен 26 ересек адам ішек инфекциясына тән белгілермен медициналық көмекке жүгінген. 

Алайда Лейрия аймағындағы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы ULS бұл тек алдын ала мәлімет екенін, барлық жағдайды талдау жұмыстары әлі жалғасып жатқанын атап өтті.

Назаре қаласының мэрі Мануэль Сикейра Lusa агенттігіне берген сұхбатында бірнеше жасөспірім гастроэнтерит белгілерімен ауруханаға жеткізілгенін растады. 

Барлық науқастардың ортақ белгісі — олардың барлығы ауру белгілері пайда болмай тұрып осы жағажайда болғанын айтты.

Өзгелердің жаңалығы