«Жәдігерлер шеруі»: Қарағанды тарихи-өлкетану мұражайында көрме ашылды

4 Ақпан 2022, 22:12
2937
Бөлісу:
«Жәдігерлер шеруі»: Қарағанды тарихи-өлкетану мұражайында көрме ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайында «Жәдігерлер шеруі» атты жаңа жоба іске қосылды. Жыл бойы ай сайын келушілердің назарына тақырыптық коллекциялар ұсынылады. 

Жоба мұражайдың 90 жылдығына арналған.

Жәдігерлер шеруі» Сарыарқаның бай тарихи-мәдени мұрасын көрсетеді. Бұл жобаның ерекшелігі – мұражайға келушілер қолдарымен ұстап, көрменің сирек кездесетін экспонаттарымен суретке түсе алады. Ай сайын Facebook, Instagram, Telegram әлеуметтік желілерінде мұражай коллекциясы туралы бейне шолулар жарияланады, – деп хабарлады мұражай.

Осы айда әскери құрал-жабдықтар таныстырылды. Экспозицияда суық қарудың тоғыз түрі ұсынылған: темір дәуіріндегі акинак, жаңа шеріктердің қылышы, қазақ қышы, орта ғасыр және Жапон азамат соғысы кезіндегі қылыш, шашка және басқалары. 

Қарағанды облысы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, жинақ ХХ ғасырдың 70-ші жылдары қалыптасқан. Негізінен қала мен облыс тұрғындары революцияға дейінгі кезеңдегі үйлерді талдау кезінде ен даладан тапқан кездейсоқ олжаларын мұражайға алып келген.

Наурызда көрермендер тұрмыстық заттармен таныса алады: сырмақтар, текеметтер, «Зингер» тігін машиналары, 1900 жылы шыққан самаурындар. Сәуір ғарышқа арналған. Мамыр айында көрме соғыс жылдарындағы хаттардан, күнделіктерден, армия жабдықтарынан, марапаттардан тұрады. Маусым айында мұражай қонақтары ХХ ғасырдың 40–80 жылдарындағы ойыншықтар коллекциясын көреді. Шілде айында – музыкалық аспаптар. Тамыз айында – облыс аумағынан табылған археологиялық артефактілер. Қыркүйек айында – сирек кітаптар, Құран, дастандар және т. б. Қазан айында көрмеде Қарағандының ұзақ өмір сүрген әйелі Сахан Досова туралы материалдар қамтылады. Ежелгі монеталар көрмесі қараша айында болады. Желтоқсан айында «Сүйікті мұражайға сыйлық» акциясы бойынша жыл бойы жиналған экспонаттар көрмесі жылды аяқтайды.

Өзгелердің жаңалығы