Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Жабылған жолдар ашылды: Жүргізушілерге маңызды жаңалық

Бүгiн, 14:07
174
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

2026 жылғы 10 ақпан сағат 14:00-де бірнеше республикалық маңызы бар автожолдарда көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Қазавтожолға сілтеме жасап.

Абай облысы:

- «ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсан – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы» автожолының 587-733 шақырым аралығы (Семей қаласы – Павлодар облысы шекарасы).

Павлодар облысы:

- «ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсан – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы» автожолының 525-587 шақырым аралығы (Аққулы ауылы – Абай облысы шекарасы). 

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Еске салсақ, 9 ақпанда ауа райының күрт нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар бірқатар автожол учаскелерінде көліктің барлық түрі үшін уақытша қозғалыс шектеуі енгізілген еді.

Өзгелердің жаңалығы