Жабайы жануарлардың дериваттарын заңсыз тасымалдаушылар анықталды

17 қазанында «Хоргос» халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығында ҰҚК ШҚ Жетісу облысы бойынша департаменті ҰҚК және полицияның өңірлік бөлімшелерімен бірлесіп елден 991 дана киік мүйізін әкету әрекетінің алдын алды.

 ҰҚК баспасөз қызметі 26 Қазан 2024 2024, 10:15
26 Қазан 2024 2024, 10:15
664
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

17 қазанында «Хоргос» халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығында ҰҚК ШҚ Жетісу облысы бойынша департаменті ҰҚК және полицияның өңірлік бөлімшелерімен бірлесіп елден 991 дана киік мүйізін әкету әрекетінің алдын алды.

Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының мәліметінше, қылмыстық әрекеттен мемлекетке келтірілген шығын 2 млрд теңгеден асады.

Материалдар тиісті шаралар қабылдануы үшін полиция органдарына берілді.

Наверх