31 жабайы қазды заңсыз атып алған Петропавл тұрғындары ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Экология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап.
6 мамырда сағат 13:00 шамасында «Сапсан» жедел тобы мен Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының қызметкерлері бірлескен рейдтік іс-шаралар жүргізу барысында Аққайың ауданы Қиалы ауылдық округінің Барыкөл ауылы маңындағы Шағлытеңгіз көлінің жағасында жабайы құстарды (қаздарды) рұқсат құжаттарынсыз аулағаны үшін Петропавл қаласының 4 тұрғынын ұстады, оның ішінде Солтүстік Қазақстан облысының полиция қызметкері бар.
Олардан заңсыз атылған 31 жабайы қаз, 2 моторлы қайық пен 12 калибрлі, тегіс ұңғылы 3 мылтық тәркіленді.
Алдын ала есептеу бойынша жабайы қаздары заңсыз атудан мемлекетке келтірілген залал – 800 мың теңге.
Оқиға орнына Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы шақырылды. Заңсыз аң аулау фактісі Аққайың ауданы СДТБД-де ҚК-нің 337-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелді (адамдар тобымен жасаған заңсыз аңшылық). Қылмыстық қудалау органы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.