Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус инфекциясының симптомсыз түрі анықталған науқас амбулаториялық жағдайда медициналық бақылауға алынып, үй карантиніне оқшауланады. Осыған байланысты назарларыңызға нұсқаулық ұсынамыз.
Үй карантинінде жатқан адамға арналған нұсқаулық:
1. Үйден шықпау керек.
2. Жөтел немесе түшкіру кезінде ауыз бен мұрынды жабу қажет. Вирустың таралуына жол бермеу үшін бірреттік майлықпен сүртінген абзал. Осыдан кейін бірден қолды сабындап жуып, спирттік негіздегі антисептикпен сүрту керек. Медициналық масканы жабыстыра тағып, екі сағат сайын ауыстырып отыру қажет.
3. Тамақ ішер алдында, сонымен бірге, дәретханадан кейін қолды сабындап жуып, спирттік негіздегі антисептикпен сүртуді ұмытпаған жөн. Қолды сүрту үшін мүмкіндігінше бір реттік майлықты пайдалану керек.
4. Жеке пайдаланатын ыдыспен тамақ ішу керек.
5. Денеде қызу немесе өзге де жайсыздықты сезінсеңіз COVID-19 бойынша колл-орталыққа хабарласқан немесе өтінім себебін түсіндіре отырып, жедел жәрдем шақырған дұрыс.
Үй карантинінде болған жағдайда қашықтан мониторингтеуді қамтамасыз ету үшін мына шарттар орындалуы тиіс:
1. Үй карантиніндегі адам смартфонына Smart Astana мобильді қосымшасын орнатып, қосымшаға барлық рұқсатты (GPS, WIFI, Bluetooth) беру керек.
2. "Мен карантиндемін" режимін қосып, үй карантині біткенше оны өшірмеген дұрыс.
3. Телефон әрдайым өшпей, интернетке қосылып тұруы керек.
4. Мобильді қосымша әрдайым белсенді түрде немесе ұялы телефон бетіндегі режимде тұруы тиіс (қосымшаның істеп тұрғанын хабарландырулар немесе мәртебе виджетінен көріп отыруға болады).
5. Үй карантині қызметін пайдалану кезінде қолданушы GPS, Bluetooth немесе WIFI режимін өшірмеуі тиіс.
Үй карантині қамтамасыз етілген үйдегі адамдарға арналған нұсқаулық:
1. Бөгде адамдардың үйге кіруіне тыйым салынуы керек.
2. Карантин бөлмесіне кірер кезде медициналық масканы нығыздап тұрып, мұрын мен ауызды жауып тұратындай кию керек. Егер медициалық маска кірлеп немесе дымқылданып кетсе, оны жаңа маскаға ауыстырған абзал. Медициналық масканы шешкен кезде тиісті техниканы ұмытпай, алдыңғы бөлігін барынша ұстамау керек.
3. Отбасындағы адамдардың дене қызуын күніне 2 рет өлшеген жөн.
4. Бөлмені екі рет желдеткен дұрыс.
5. Дымқыл тазалықты күнделікті жүргізу керек.
6. Қолды сабынмен жиі жуып, антисептикпен сүртіп отыру керек. Қолды сүрткен кезде бір реттік майлықты пайдаланған абзал.
7. Отбасының әрбір мүшесі жеке тазалық үшін бөлек ыдысты пайдалануы тиіс.
8. Жөтел немесе түшкіру кезінде ауыз бен мұрынды жабу керек. Вирустың таралуына жол бермеу үшін бір реттік майлықпен сүрткен абзал. Осыдан кейін бірден қолды сабындап жуып, антисептикпен сүрту керек.
9. Отбасындағы әрбір адамнан дене қызуы немесе жайсыздық байқалса, COVID-19 бойынша Call-орталыққа хабарласқан немесе өтінім себебін түсіндіре отырып, жедел жәрдем шақырған дұрыс.