Жақсылық Үшкемпіровті жерлеу рәсімі тек отбасының қатысуымен өтеді

3 Тамыз 2020, 11:46
2096
Бөлісу:
Жақсылық Үшкемпіровті жерлеу рәсімі тек отбасының қатысуымен өтеді

Алматы, BAQ.KZ.  Жақсылық Үшкемпіровты соңғы сапарға шығарып салу рәсімі пандемияға байланысты және адамдардың көптеп жиналуын болдырмау мақсатында тек отбасының қатысумен өтеді. 

2 тамызда көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ҚР Еңбек Ері, грек-рим күресінен Қазақстанның  тұңғыш Олимпиада чемпионы, Әлем, Еуропа чемпионы,  "Барыс",  "Құрмет", және "Парасат" ордендерінің иегері Жақсылық Үшкемпіров 70 жасында дүниеден озды. 

Жақсылық Үшкемпіровтың туған-туыстары көңіл айтып, қолдау көрсеткендері үшін барша қазақстандықтарға, әсіресе, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылықтарын білдіруде.

Сонымен бірге, қоштасу рәсіміне қатысты шаралардың тура бір жылдан кейін өтетіні хабарланды.

Өзгелердің жаңалығы