Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында айтты.
Қазақстанға коронавирус індетінің екінші толқыны келер болса, Еңбекақы төлеу қоры тарапынан шағын және орта бизнес (ШОБ) субъектілері үшін жыл соңына дейін салық төлеуді кейінге қалдыру мерзімінің ұзартылуына қатысты министр пікір білдірді.
Әлеуметтік-экономикалық жағдай нашарлаған жағдайда Ұлттық банкпен, Үкіметпен, Қаржы нарығын реттеу агенттігімен бірлескен жоспар әзірленді. Онда қолдаудың барлық түрлері қарастырылған, оның ішінде Еңбекақы төлеу қорынан салықтар бойынша салықтық қолдауды ұзарту да бар, - деді Руслан Дәленов.
Ол экономиканың ең көп зардап шеккен 29 секторында 2020 жылдың 1 қазанына дейін Еңбекақы төлеу қорынан салықтар мен әлеуметтік төлемдер бойынша нөлдік ставкалар белгіленгеніне тоқталды.
Өздеріңіз білетіндей, ең көп зардап шеккен 29 негізгі сектор бойынша салық жеңілдіктері берілді, 1 қазанға дейінгі кезеңге Еңбекақы төлеу қорынан салықтар мен төлемдер алынып тасталды. Жағдай нашарлайтындай болса, мұндай шараны ұзарту жоспарда бар, - деп атап өтті министр.Сондай-ақ, министр 1 тамызға дейін жаңа Стратегиялық жоспар жасалатынын айтқан еді.
Оқи отырыңыз: